Біздің міндетіміз – сарыағаштықтардың сенімін ақтау

179

Бүгін эспромт-кездесу Көктерек кентінде орналасқан «Сарыағаш» шипажайында өтті. Кездесуге «Nur Otan» партиясы атынан Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер қатысып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын, аудандық филиалдың алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасын шипажай ұжымына таныстырды.

Көктерек кентінде бүгінде 40-тан астам шипажайлар бар. Бағдарламаның «Кәсіпкерлерді қолдау» бағытында арнайы қарастырылған бөлігінде: Сарыағаш ауданы бойынша емдеу-сауықтыру орталығы ретінде шипажайлар, емдік сауықтыру орталықтарының санын арттыруға; туризмді дамыту мақсатында орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санын ұлғайту мақсатында 2021 жылы 4 жоба, 2022 жылы 5 жоба, 2023 жылы 6 жоба, 2024 жылы 8 жоба, 2025 жылы 10 жобаны іске асыру; «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық техникасын сатып алуға, көктемгі егін жұмыстары және мал шаруашылығы субъектілерін 10%-ға арттырып, несиелендіру көлемін ұлғайту көзделген. Бұл саланы дамыту дәл осы аймақтың еншісінде екенін айтқан үміткерлер. Шипалы суымен әлемге танылған аймақ, ауданның мақтанышы екенін тілге тиек етті.

Жиын соңында Көктерек БПҰ мен бірге қоғамдық қабылдау өткізіп, кент тұрғындарының мұң – мұқтаждарын тыңдап, халықтың негізгі әлеуметтік мәселелеріне құлақ асты. Халықтың жеткізген негізгі мәселелері «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасында толық қамтылғанын айтқан ұжым қызметкерлері «Nur Otan» партиясының үміткерлеріне сәттілік тілеп, сайлауда партиямен берге екенін айтты.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді