Кандидаттар ZOOM-мен сайлаушылармен байланысты

139

Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Байгабулова Нұрсұлу Сарыағаш бастауыш партия ұйымында ZOOM жүйесі арқылы онлайн үгіт-насихат жүргізді.

«Nur Otan» партиясының Сарыағаш ауданы бойынша дайындалған сайлауалды бағдарламасында:
1. Экономикалық тұрақты аудан;
2. Ыңғайлы аудан;
3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;
4. Жастарға арналған аудан;
5. Тарих пен мәдениетті дамыту;
6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
7. Қауіпсіз аудан – атты аймақты дамудың жеті басымдығын атап, тұрғындарды мазалайтын мәселелерді эфир барысында ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Бағдарламаның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.

7 бағыттан тұратын өңірлік негізделген ауданының алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, елге насихаттау, түсіндіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді. Тікелей эфир барысында сайлаушылардан келген сұрақтарға сауап беріп, сайлаушыларды алдағы науқанда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді