«QULAGER» аттар клубы ашылды

329

Тәуелсіздік күніне орай Арыс қаласында «Qulager» аттар клубы ашылды. Атшабар алаңының лентасын қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев салтанатты түрде қиды.

Тәуелсіздік мерекесімен тұспа тұс келген кешеннің ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала әкімі М.Қадырбек тұрғындарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ұлттық спорттың құндылығын тілге тиек етті.

– Ұлттық спортты дамыту мақсатында биыл Арыс қаласында жаңа бастамалар қолға алынуда. Мұндай іс-шаралар қаламызда ұлттық спорттың өркендеуіне зор мүмкіндік береді – деді қала басшысы.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізілген жобаның құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталып, Тәуелсіздік күні тұрғындар игілігіне берілді. Арыс-Шардара тас жолы бойында бой көтерген кешенде ветеринариялық бөлім мен бапкерлерге арналған жеке бөлмелермен жабдықталған.