Саяси партиялар өз кандидаттары үшін жарна төлейді

146

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек,  партиялық  тізімдегі  үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын 4-ші желтоқсаннан бастап сайлау өтетін күнге бір күн қалғанда, яғни, 9-шы қаңтарда  аяқтайды.

Алдағы сайлаудың  бұрынғы саяси шаралардан  ерекшелігі: 10-шы қаңтарда өтетін сайлауға қатысатын кандидаттар үшін жарнаны  саяси партиялар  төлейді.

«Кандидаттар  үшін 212 мың 500 теңгені партия төлейді. Ал мәжіліс депутаттығына кандидаттар үшін жарнаның мөлшері — 637 мың 500 теңге».

Шынар Оразова