«Шымкент – қайырымды қала» ӘҚ кәсіпкерлермен меморандумға қол қойды

206

«Шымкент – қайырымды қала» қорының негізгі мақсаты – қаламыздағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу жолында әкімдікке көмектеседі. Аталған қорға қолданыстағы заңдар негізінде мәселелерді шешу үшін қаржы жинау құқығы берілген.

Коронавирус пандемиясының ықтималды толқынына дайындық ретінде әлеуметтік қор мен «Ладушки», «Камшат», «Каусар», «Жеті Тандыр», «Каравай», «Блинчик», «MeiramGroup» қоғамдық тамақтану орындарының басшылары және «Mobil O.K.», « Taxi –Tamerlan» такси қызметін ұсынатын мекеме басшылары алдағы уақытта атқарылар жұмыстар жөнінде кеңесіп, өзара меморандумға қол қойды.
Кездесуге қатысқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов кәсіпкерлер мен әлеуметтік қорға әкімдік жұмыстары мен тұрғындарға көрсеткен көмегі үшін алғысын жеткізді.

– Қиын кезеңде сіздердің қолдауларыңыз біз үшін үлкен демеу болды. Науқастарды ИВЛ аппараттарымен қамтуда, блок-бекеттерде тәртіп сақшылары мен ауруханаларда дәрігерлерін тамақтандыруда көп көмек көрсеттіңіздер. Шымкент қаласының эпидемиологиялық ахуалы қазір «жасыл» аймақ қатарында. Дегенмен, барлық жағдайға сақадай сай болуымыз керек. Алдағы уақытта да бірлесе қиындықты еңсерейік, -деп сенім білдірді Мақсұт Пернебайұлы.

Жиын барысында қиын кезеңде демеушілік жасауда белсенділік танытқан кәсіпкерлерге қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі