«Каспий» қосымшасы арқылы өзгенің ақшасын аударып алған күдікті құрықталды

74

Түркістан облысы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан күдіктінің қылмысын әшкереледі.

Мәселен Түлкібас ауданының полиция бөліміне дүкеннің сатушысы яғни жергілікті тұрғын белгісіз ер азаматтың дүкенге келіп, шотынан 90 мың теңгесін аударып алып кеткендігін айтады. Аталмыш жайт ҚР ҚК-нің 190 «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алынды.

Түлкібас ауданы полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Полицейлер күдікті азаматты дүкендегі бейнекамераның көмегімен анықтап, оны ұстауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізеді. Күдіктінің түр-тұлғасына байланысты басқа да полиция құрылымдарына бағыттама беріледі. Нәтижесінде күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.

Тексеру кезінде ұсталған азаматтың Шымкент қаласының полицейлерімен бұдан бұрын жасаған алаяқтық, тонау, ұрлық қылмыстары бойынша іздеуде болғаны анықталды.
Белгілі болғандай алаяқтыққа күдікті ер азамат кешкі уақытта дүкен иесінің сеніміне кіріп, телефонымен сөйлесіп алуға рұқсат сұрап, жәбірленушіге байқатпастан каспий есепшотындағы 90 000 теңгесін аударып алған.

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда.

Полиция қызметкерлері алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдармен әңгімелескенде ерекше сақ болуды сұрайды. Егерде алаяқтардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласуды ұмытпаңыз.

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі