Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округіндегі жеке кәсіпкер «Шымыр-Медет» жылыжайында лимон ағаштары алғашқы жемісін бере бастады.
Жылыжайдың жалпы көлемі 1,0 гектар, онда 2000 түп лимон көшеті отырғызылған. Лимон өнімін сатылымға шығару қараша айының соңына жоспарлануда. Аталған лимон бағы жабық топырақта өсірілетін облыс аумағындағы ең үлкен жылыжай болып табылады.