Сайлау учаскелері үздіксіз электр энергиясымен қамтылады

193

2021 жылғы 10-шы қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаты депутаттарының сайлауын өткізу барысындағы дайындықты пысықтау мақсатында Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Әлімқұлов Бекжан Мухидинұлы мен Шымкент қалалық аумақтық департаментінің басшысы Шілдерханов Нұрман Адыхамұлы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-де жиын өткізді.

Оған аталған комитеттің Түркістан облыстық және Шымкент қалалық департамент басшылары, облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының өкілі, серіктестіктің техникалық директоры және аудандық электр жүйелерінің басшылары қатысты.

Жиында қала, аудан орталықтары мен ауылдарда орналасқан сайлау учаскелері мен бөлімшелерін үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету, жағдайды бағалау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды.

Айта кету керек, 10.01.2021ж.-11.01.2021ж. аралығында энергетиктер өзара кезекшілік кестесін бекітіп, электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету жайын бақылауда ұстайды. Электр жүйесінде туындаған жазатайым жағдайлар мен технологиялық бұзылу фактілері Энергетика министрлігінің комитетіне қарасты аумақтық департамент басшылықтарына жедел түрде хабарланып отырады. Бүгінде Түркістан облысы бойынша 908 сайлау бөлімшелері бар.

Олар:
Арыс қаласы -34, Кентау қаласы -74, Түркістан қаласы-50, Бәйдібек ауданы -50, Жетісай ауданы -72, Қазығұрт ауданы -61, Келес ауданы -58, Мақтаарал ауданы -59, Ордабасы ауданы -49, Отырар ауданы — 40, Сайрам ауданы -86, Сарыағаш ауданы -79, Созақ ауданы -39, Төлеби ауданы -67, Түлкібас ауданы 60, Шардара ауданы 33.
Ал Шымкент қаласы бойынша 279 сайлау учаскелері бар.

Олар:
Абай ауданы -92, Әл-Фараби ауданы -69, Еңбекші ауданы -78, Қаратау ауданы -68.
Өз тарапынан «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС техникалық директоры Тастанов Архабай Нұрматұлы компанияның алдағы сайлау мезетінде күшейтілген режимде жұмыс істейтінін атап өтті. Кезекшіліктер ұйымдастырылып, үздіксіз энергиямен қамту жағдайы жіті бақылауға алынатынын жеткізді.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС баспасөз қызметі