Еңбекші ауданы аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуын болдырмау бойынша Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қаулысының талаптарының сақталуына бақылау жұмыстары ұдайы түрде жүргізілуде.
Аудандық полиция басқармасы, әкім аппараты, прокуратура, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлерінен құрылған мобильді топ кәсіпкерлік нысандарға күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Кезекті рейдтік іс-шара барысында Тауке хан даңғылында орналасқан «Тұмар» мейрамханасында азаматтар карантиндік талаптардың бұзылуына жол беріп, той өткізіп жатқаны анықталды.

Жайт бойынша жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына карантин режимінің бұзылуына жол берген азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша заңды шешім қабылдау үшін жолданды.