Қазгидромет қызметінің Түркістан облысы бойынша филиалының мамандары алдағы күндері өңірдің таулы аудандарында бұрқасын, тұман және жел тұратынын ескертеді.

Арайлым ТҰРҒЫНОВА, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі: «Солтүстік- батыстан салқын  ылғалданған  массаның әсерінен ертең күннің екінші жартысында және 13-ші қаңтарда жаңбыр жауады, арты қарға ұласады. Солтүстік-батыстан соққан желдің  екпіні 15-20 м/сек, ал солтүстік аудандарда 23-28 м/сек күшейеді. Ауа температурасы түнде  0-5 градус аяз, солтүстік аудандарда 6-11 градус аяз. Күндіз 4-9 градусқа дейін жылиды. Тұман, таулы аудандарда бұрқасын күтіледі».

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері Шымкентте ауа-райы құбылмалы, жел тұрып, жауын шашын болады. Алайда ауа температурасы қаңтардың алғашқы онкүндігіндегі суықтан гөрі жылиды.

Арайлым ТҰРҒЫНОВА, Қазгидромет РМК Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі: «Шымкентте  ертең күннің соңында және 13-ші қаңтарда тәулік бойы жауын жауады. Арты қарға ұласады. Жел күшейеді екпіні 15-20 м/сек.  Ауа температурасы 0-2 аяздан 0-5 градусқа дейін ауытқиды».

Шынар Оразова