2020 жылы қарызға көлік алатын тұрғындар саны 22 %-ға артты.
Несие нарығына жасалған сараптама нәтижесін FCB Media Da конференциясында «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-і жариялады. Компанияның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиеваның сөзінше, былтыр автонесие саласында үлкен өсім байқалды. Автокөлік алу үшін рәсімделген несие көлемі 22 %-ға артып, 707 млрд теңге болды. Бұл аталған сегменттегі соңғы жылдары байқалған ең үлкен көрсеткіш.
Нұрғалиева басқа несие түрлеріндегі өсім 2019 жылы 20 % шамасында болса, 2020 жылы 9 % өсім көрсеткенін атап өтті. Ал кепіл арқылы берілетін тұтынушылық несие алу 4 %-ға төмендеді.
Еске сала кетейік, Kolesa.kz сайтында несиеге тек сол рөлді машина ғана емес, оң рөлді және коммерциялық көлік алуға болады.