4 пайыздық автонесие бағдарламасына онлайн-өтініш қабылдау басталады

193

4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға онлайн-өтініш қабылдау avtonesie.kz сайтында жүзеге асады. Тіркелу 6 ақпан сағат 10:00-де басталады.

autonesie.kz порталына ақпанда 761 адам тіркеле алады. Қазір «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да жинақталған қаражат сомасы 7,6 млрд. теңгеге жетті. Осы орайда пилоттық платформа келесі аптада іске қосылған кезде 761 адам тіркеле алады. Яғни 761 адам толық тіркелса, платформада өтінім қабылдау автоматты түрде тоқтайды екен.

«Кейін аталған платформада өтінім қабылдау ай сайын жүргізіледі және 100-ден астам адамды тіркеуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ.