Жеңілдетілген автонесие жобасы қайта іске қосылмақ

19

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылмақ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Айтуынша, биыл автонесие алу тәртібінде өзгерістер бар. Бұған дейін клиенттер алдымен автосалонға жүгініп, содан соң банкке баратын еді. Ал бұл жолы өнеркәсіпті дамыту қоры басқа тетік ұсынып отырған көрінеді. Ведомство басшысының сөзіне сүйенсек, кезек электронды түрде жүзеге асады.

Айта кетейік, өткен жылы көлік сатып алу үшін 10 млн теңге несие беретін, ал автокөлік құны 15 млн теңгеден аспауы керек еді.