16 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесие беру басталды

0

16 мамырдан яғни бүгіннен бастап жеңілдетілген автонесие беру басталды.
Жеңілдетілген автонесие бір адамға екі жылда бір рет беріледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, несиенің бірнеше шарты бар.

– сыйақы мөлшерлемесі 4%;
– несие сомасы 10 000 000 теңгеден аспауы керек; – қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;
– бастапқы жарна 0%-дан бастап;
– көлік құны 15 000 000 теңгеден аспайды.

Айта кетейік, несие беруді екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.

Жанерке Хумар