Карантин режимін сақтамаған тойхана мен той иесі жауапкершілікке тартылды

145

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша кәсіптік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында мобильді топ құрылып, тұрақты мониторинг жұмыстары атқарылуда.

Кезекті рейдтік шаралар барысында Әл-Фараби ауданы Жастық көшесінде орналасқан «Евразия» тойханасында той-жиын болып жатқаны анықталды. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын сақтамағаны азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабымен шара көру үшін Абай ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасынның қауіпсіздігін бақылау басқармасына жинақталған іс-құжаттар жолданды.

QAINAR KÓZШымкент қаласының Полиция департаменті