Úı ANONS Садақа жәшігін алмастырып кеткендер анықталды

Садақа жәшігін алмастырып кеткендер анықталды

Ағымдағы жылы 15 ақпан күні сағат 14:15 шамасында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған.

Ол өз арызында 26.08.2020 жылы, Шымкент қаласы базарлардың бірінің орналасқан ет қатарында, кассасына қойылған қайырымдылық қорының садақа жәшігін белгісіз тұлға аляқтық жолмен ауыстырып кетіп, ұсақ мөлшерде 3000-нан астам теңге материалдық шығын келтіргенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының №23 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында күдікті тұлғаны анықтап, полицияға жеткізді.

Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.