Шағын және орта бизнесті қолдауға биыл Шымкентке 5 млрд. теңге бөлінді

90

Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту – мемлекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі.

Кәсіпорын Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үкімет тарапынан пандемияның кері әсерін төмендету үшін дағдарысқа қарсы бірқатар шаралар қабылданған. «Бизнестің жол картасы -2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдауға биыл Шымкентке 5 млрд. тан астам теңге бөлінді.

Отандық өнімдердің қатары жылдан жылға артып келеді. Өйткені, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары мемлекет бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлерлікті дамытуға арналған бағдарламалардың тиімді тұстары, несиелендірудің шарттары жайлы Шымкент әкімі Көрме орталығында кәсіпкерлермен өткен кездесу барысында баяндады.

Шаһар басшысының айтуынша, кәсіпкерлікті дамытуға қаланың мүмкіндіктері зор. Қаладағы үш индустриалдық аймаққа биыл тағы екеуі қосылмақ. Айта кететін жәйт, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Жол картасы бизнесі-2025» мемлекеттік бағдарламасының шарттарына айтарлықтай өзгерістер енгізілді.

Бұл қадам кәсіпкерлерге берілетін несие мөлшерлемесін 6 пайызға азайтуға және  субсидияландырылатын несие сомасын 7 млрд-қа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Өткен жылы құны 2 млрд-тан асатын 530 жоба жүзеге асқан. Биыл шағын және орта бизнесті қолдауға 5 млрдтан астам теңге бөлініп отыр.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті қолжетімді қаржыландыру-экономиканың тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында өткен кездесуге арнайы шақыртылған екінші деңгейлі банк институттарының өкілдері несиелендіру бойынша кәсіпкерлерге толық мәлімет берді.

Шынар Оразова