Кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндіктер мол

152

 «1 мың сауда нүктелері» бағдарламасы аясында Шымкентте 10 жылға жалға жер алып гүл немесе ет, сүт өнімдерін сатумен айналысуға немесе 1 пайыздық мөлшерлемемен 10 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие аламын деген азаматтарға мол мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында тыңайтқыш, зиянкестермен күреске арналған арнайы препараттардың шығынын субсидиялау жөнінде алдағы сюжетімізде толығырақ.

Шымкент қалалық әкімдігінің бастамасымен Абай ауданында «Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау -экономиканың тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында жиын өтті. Шара барысында сала мамандары кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген және өз кәсібін дөңгелеткен азаматтарға қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын түсіндірді.

1 мың сауда нүктелері бағдарламасы аясында көше саудасы бойынша кәсібін жүргізуге жер телімін 10 жылға жалға беру қарастырылған.

«Мың сауда нүктелері » бағдарламасына қатысу үшін ЖК, жеке куәлігі, талоны және бұдан бөлек бизнес жоспары мен сауда нүктесінің үлгісін ұсыну қажет»,-дейді «Shymkent-INVEST» бизнеске арналған үкімет» фронт офисінің жетекшісі  Саят УӘЛИЕВ.

Абай ауданында 28 мыңнан астам кәсіпкердің басым бөлігі саудамен айналысады екен. Сондықтан болар оларды 1 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алу мәселесі қызықтырды.

«Мұндай жиындар маңыздылығы біз үшін зор. Даму қорынынан несие алып бизнесімізді ары қарай дамытуға болады екен. 50 жастан асқан әйелдерге де жеңілдіктербар, қызым бар бизнеспен айналысады 29 жасқа дейін де оған да жақсы жеңілдіктер бар екен»-дейді жеке кәсіпкер  Ләззат САТЫЛДИЕВА.

Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін азаматтарға да жеңілдіктер қарастырылған. Инвестициялық бағдарлама аясында жылыжайға кеткен шығындардың 25 пайызы субсидияланады.

Мақсат ӘБДІҚАДЫРОВ, Шымкент қалалық ауыл шрауашылығы және ветеринария басқармасының өкілі: «Егіншілік саласында тыңайтқыштарды сатып алуға кеткен   шығынның 50 пайызы субсидияланады. Ол үшін тек цифрлы қолтаңба қажет. Қолдау .кз. порталына кірсеңіз барлық ақпарат бар».

Түрлі зиянкестермен күресуге арналған препараттар мемлекет тарапынан субсидияланады. Сондай-ақ, сүт өнімдерімен айналысатын шағын бизнес субъектілеріне өнімдерін шығаруға сатып алған сүттің шығыны да өтеледі. Мәселен қатты ірімшіктің 1 келісіне -28 теңге, сары майдың келісіне 18 теңге есебімен.

Шынар Оразова