Алматы облысында есірткі сатып келген орталық анықталды

153

Алматы облысында есірткі сатып келген орталық анықталды. Өз үйінен гашиш саудалаған азаматты полицейлер анықтаған.

Тінту барысында оның үйінен 190 грамм психотропты зат табылды. Айта кетейік, өткен апта ішінде Қазақстан бойынша 3371 қылмыс тіркелген. Оның 2545 тәулік ішінде ашылыпты. Мереке қарсаңында тіркелген өлтіру мен өлімге әкелген денсаулыққа зиян келтіру де ез емес. Бір жұма ішінде кісі қолынан 20 азамат ажал құшқан.

Ал, күні кеше еліміздің бас полицейі погонды қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Жалпы еліміз бойынша аталмыш қызметте 11 мыңға жуық нәзік жанды жұмыс істесе, оның 580 басшылық лауазымда. Жалпы марапатталған 900 полицей әйелден бөлек, халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың да жары құрметке ие болды.

Назерке Үкібасова