Úı ANONS Отырар TV телеарнасының эфирінде еліміздің белгілі айтыскерлері жыр жарысына шығады

Отырар TV телеарнасының эфирінде еліміздің белгілі айтыскерлері жыр жарысына шығады

 

«Наурыз, гүл көктем, жыл басы» атты республикалық ақындар айтысының толық теленұсқасын 21 наурыз , сағат 15:00-де «Отырар TV» телеэфирінен тамашалаңыз.

Айтысқа еліміздің әр өңірінен жалпы 15 ақын: Айбек Қалиев (Қостанай), Нұрлан Есенқұлов (Шымкент), Рауан Хайдаров (Нұр-Сұлтан), Бауыржан Шиірмедұлы (Батыс Қазақстан облысы), Қалижан Білдәш (Шымкент), Аруна Керімбек (Ақтөбе), Айбек Жеңісхазин (Шығыс Қазақстан облысы), Қажымұқан Абзалов (Шымкент), Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда), Еркебұлан Қайназаров (Нұр-Сұлтан), Шұғайып Сезімхан (Алматы қаласы), Аспанбек Шұғатаев (Солтүстік Қазақстан облысы), Қазірет Бердіхан (Алматы облысы), Бекарыс Шойбеков (Түркістан), Төлеген Жаманов Қарағанды) сынды жыр дүлділдері қатысты.

Айтыстың жалпы жүлде қоры — 5 млн теңге.
Бас жүлде – 2 млн. теңге, 1 орын – 1 млн. теңге, 2 орын (2 ақын) – 500 мың теңге, 3 орын (2 ақын) – 300 мың теңгені құрайды.