Úı ANONS Алимент өндіру туралы іс медиация тәртібімен аяқталды

Алимент өндіру туралы іс медиация тәртібімен аяқталды

Фото: advgazeta.ru
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды. Талап қоюшы жауапкерден оқу орнын аяқтағанға дейін алимент өндіруді сұрап сотқа жүгінген.
Істі қарау барысында тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, аталған келісімді бекіту жөнінде сотқа өтініш білдірді. Медиациялық келісім шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшының пайдасына 2029 жылғы 16 наурызға дейін ай сайын 35 000 теңге мөлшерінде алимент төлеп отыруға міндеттенді. Ал талап қоюшы қойылған талаптан бас тартты. Сот тараптардың өзара келісімін заң талаптарына сәйкес деп танып, медиациялық келісімді бекітті және азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.
Ұйғарым заңды күшіне енген.