Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 18 азамат анықталды. Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Сондай-ақ 6 науқас емделіп шықты.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 2021 жылдың 11 наурызға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 6 310 жағдайы тіркелді (3203 – симптомды, 3107 – симптомсыз). Емделіп шыққандар саны – 5 622.

Айта кетейік, 1 тамыздан 11 наурызға дейін COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды – U07.2) пневмонияның 1472 жағдайы тіркеліп, 1 адам емделіп шыққан.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы