Шымкентте «Стоп-траффик»жедел алдын алу шарасы басталды. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер моншалар мен қонақ үйлерді, ойын-сауық мекемелерін және «түнгі көбелектер» болатын басқа да орындарды тексерді.
Екі күндік рейдтің қорытындысы бойынша жеңгетайлық пен притонды ұстаудың 7 фактісі анықталды. Есепке 10 жеңіл жүрісті қыздар қойылды. Аталған фактілер бойынша «жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық»бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жүруде.
Олжас Айдарбек