Түркістан облысында жоғары қысымды газ құбырларының қауіпі еселенген. Тұрғындар үшін қауіпті жер астындағы құбырлармен қоса, пайдалану мерзімін өткерген газ магистральдеріндегі тозығы жеткен жабдықтар да төндіруде. Бұл жолы мемлекеттің қолдауынсыз болмас. Егер де төтенше жағдай орын алса, еліміздің оңтүстік өңірлері Тараз бен Алматыны қосақанда және солтүстік аймақтар көгілдір отынсыз қалады. Мәселе тек ескірген жабдықтарда ғана емес, олар кез келген сәтте күл-талқанға айналуы мүмкін. Солардың бірі Өзбекстанмен шекаралас кеден бекеті.
Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы мына өткізу бекеті екі елдегі халықтар арасында «Майское» атауымен белгілі. Ол магистральды газ құбырының санитарлық-қорғау аймағында салынған. Ең қорқыныштысы, ауыр жүк көліктері жүретін жол диаметрі 700 мм жоғары қысымды газ құбырының үстіне орналасқан. Мамандардың айтуынша, мұндай нысандардың санитарлық- қорғау аймағы 300 метрден кем емес.
Ал мынау «Полторацкое» жер асты газ қоймасындағы екі компрессорлық стансаның біреуі. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған, қазір жөндеуден өтуде. Нысанның техникалық жағдайы сонымен бірге газбен қамтамасыз ету шартын бұзу қаупін төндіреді,- дейді кәсіпорындағылар.
«Цехтар бойынша айтатын болсақ, өтетін сезондық жұмыстар бар. Қосалқы бөлшектерін алмастыру керек деген сияқты. Соның барлығы қаражатты талап етеді. 3, 5 жылдықта барлығын қолға алып, түгел жаңартып алмасақ, газ тасымалдау саласының әрбір нысанының апатты тұрып қалуы бүкіл біздің Қазақстандағы оңтүстік өңіріне кері әсерін тигізеді. Газ жетпей қалады» ,-дейді «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ директорының бірінші орынбасары Абай БАЙҚҰЛОВ.
20-шы ғасырдың 70 жылдары салынған төртінші автоматты газ тарату станциясында қатты шуыл тұр. Бұл шамадан тыс жүктемелерге байланысты дейді мамандар. Қазіргі таңда станса өз мүмкіндіктерінің шегінде емес, одан бірнеше аса шекте жұмыс істеуде.
Абай БАЙҚҰЛОВ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ директорының бірінші орынбасары: «Бізде қаржы бүгінде саланың деңгейін сақтау үшін жетеді. Ары қарай дамытуға нысандарды іске қосуға оған қаржы жетпейді».
Кәсіпорындағы ардагерлердің айтуынша, «ҚазТрансГаз» нарыққа кіре бастаған 2000 жылдың өзінде ондағы газ желілері мен жабдықтардың тозығы жеткен болатын.
Полат ҚҰНАНБАЕВ, газ саласының ардагері: «Өндірістен алынып тасталған қосымша бөлшектердің тапшылығынан бүгінде газ құбырындағы ескірген жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету қиын. Магистральды және тарату желілерінің тозғандығы, тұтынушылармен табиғи газды тұтынудың өсуі — форсмажорлы жағдайға алып келуі мүмкін. Менің ойымша, мәселені магистральды тарату желілері мен ондағы Газ тарату стансалары мен қосалқы стансаларындағы — жабдықтарды толық жаңалау арқылы шешуге болады».
Құрылыс басталғанда оның эксплуатациялық ресурсы 30 жыл деп қаланған. Ал қазір 50 жылдан астам уақыт өтті. Бұл нысандарды салған мемлекет бүгінде жоқ болғандықтан біз мерзімді жөндеуден өткізіп, оларды пайдаланып келеміз. Бірақ жамаулар, жөндеу жұмыстары ұзаққа жете ме? Ертең еліміздің күнгей өңірі республикадағы жантүршігерлік оқыс оқиғалардың ошағы болып қалмай ма?
Шынар Оразова