Úı ANONS Жанып жатқан көліктен ер адамның мәйіті табылды

Жанып жатқан көліктен ер адамның мәйіті табылды

Ер адамның мәйіті жанып жатқан көліктен табылды. Оқиға 26 наурызда кешкі сағат тоғыз шамасында Сайрам тұрғын алабында болған.

Әл-Фараби көшесінің бойында Тойота Камриден өрт шықты. Өрт 20 минут ішінде сөндірілді. Өртенген көлікте ер адамның мәйіті табылды.

Автокөліктің жану себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.