Кір жуу машинасын аламын деп ақшасынан айырылды

157

 

2021 жылдың 2 cәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 арнасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға «ОЛХ» арқылы кір жуу машинасын 58 000 теңгеге сатамын деп алдап, алаяқтық жолмен банкомат карточкасынан ақшасын аудартып алғанын көрсеткен.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.