Адам өмірін сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқан алтын қолды дәрігерлердің еңбегін бағалау, көпшілікке таныту мақсатында “Рахмет саған, дәрігер!” әлеуметтік жобасы қолға алынды.
.
Жобаны ұйымдастырушы: “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалы, Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалы, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.
Байқауға кез келген әлеуметтік желі қолданушылары, қала тұрғындары, журналистер мен блогерлер, медициналық мекемелер, баспасөз орталықтарының мамандары тағы басқалар қатыса алатынын айта кетейік.
Байқаудың негізгі мақсаты:
✍️Елбасының «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Щымкент қаласындағы медициналық мекемелердің жетістігін жариялау, журналист қаламгерлер және блогер көзімен әлеуметтік жазбалар топтамалары арқылы үшінші мегаполистің денсаулық сақтау саласындағы 30 жылдағы жетістігін насихаттау, үздік аурухана, емхана, жедел жәрдем қызметі мекемелерінің үлгілі ісімен бөлісу, Шымкенттің медицина саласының оң иммиджін қалыптастыру. Сондай-ақ, “Рахмет саған, дәрігер!” байқауында Шымкент қаласындағы ақ қалатты абзал жандардың еңбегі туралы позитивті ақпарат тарату, тікелей репортаждар жасау т.б. осы бағытта өз үлесін қосушы дәрігерлерді әлеуметтік желі қолданушыларының үздік жұмыстарын анықтау және оларды ынталандыру.
✍️Байқауға қатысу үшін: — Байқау мақсатына сай келетін, әр түрлі тақырыптағы мәтіндік материал (мақала, пост, телеочерк, фотосуреттер, бейнероликтер мен слайдттар, сэлфи және т.б) әлеуметтік желідегі Facebook, Вконтакте, Instagram парақшаларының бірінде жариялануы қажет; — үміткерлер әлеуметтік желіде. “Рахмет саған, дәрігер!!” тобына жазылуы және байқауға ұсынылатын материалдар осы топта жариялануы қажет;
✅Байқауға 2021 жылдың 12 сәуірінен 20 маусымға дейінгі жарияланған материалдар қабылданады.
✅Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңге
✅Байқауға бақ сынап көру үшін ұйымдастыру алқасының мына номеріне 8-778-222-22-97 хабарласып білсеңіздер болады. Электронды пошта; ontoi@mail.ru
Іске сәт! Қаламдарыңыз қарымды болсын!