№13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 14-15 жасар қыздар волейболдан бақ сынап жатыр.
Жарысқа Шымкент, Түркістан, Қызылорда қаласы мен облыс аудандарынан командалар қатысып отыр. Олар үшін бұл жай ғана ойын емес —алдағы ірі жарыстарға дайындықтың маңызды кезеңі.
Осындай жарыстар жас спортшыларға тәжірибе жинауға, қатал бәсекеде өзін көрсетуге мүмкіндік береді.
Алдағы республикалық турнирлер үшін бұл турнир — нағыз дайындық алаңы.
Қазақстан чемпионаты көктемде өтеді. Ал бұл турнирдің жеңімпаздары ақпанның сегізіне белгілі болады






