Úı ANONS Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға төмендеді

Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға төмендеді

фото kz.otyrar.kz

2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға төмендеген. Нәтижеге сай облыс республика бойынша көшбасшы атанды. Бұл жайлы облыс әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте айтылды.

Түркістан облысында тұрғындарды еңбекпен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар оң нәтиже беріп отырғандай. 2025 жылы өңірде «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында жоспар артығымен орындалып, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Аталған деректер, облыс әкімінің кезекті апталық жиынында айтылды. Мәліметтерге сүйенсек 2025жылғы жоспар республика дәрежесінде  14.5 пайызбен ең жоғарғы көрсеткіш саналған.

МЕКЕНХАН ҚОЗЫХАНҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бойынша 130 769 жоспарланып 147 719 жалпы жұмыспен қамтылып 113пайызбен орындалып шықты. Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштеріне келер болсақ жалпы республикада біздің облысқа бекітілген жұмыссыздық деңгейі 4.8 пайыз болса 4.6 пайыз бойынша артығымен орындап шықтық».

Жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін еңбекпен қамту  5 бағыт бойынша жүргізілген. Нақтылап айтып өтер болсақ 2025 жылы облыста:

ҰЛТТЫҚ ЖОБА — 4333
ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ — 59 437
«10 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА 100 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ»  — 35 917
СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ — 46 239
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ БОЙЫНША — 1793
-адам жұмыспен қамтылған

Дегенмен жиында облыс әкімі жұмыспен қамту және өндіріс орындарын ашу ең негізгі міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Сонымен қатар өткен  2025 жылдағы жіберілген  олқылықтарды атап өтіп, 2026 жылға тапсырма берді.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: «Былтырғы жылдың қорытындысын қарасақ, бірқатар аудандар бекітілген межеге жете алмай отыр. Өңірлік жұмыспен тасын әр бағыт бойынша 26 жылға бекітілген индикатор бойынша толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын».

Жоспарға сай 2026 жылға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 74 516 адамды жұмыспен қамтылмақ.  Тұрғындар облыстағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, туризм, ауыл шаруашылығы салаларына жолданады. Оның ішінде «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» және «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» компанияларына тағы мыңнан астам тұрғынды жұмысқа орналастыру көзделіп отыр.

Ботакөз Әнуар