Түркістан: Футболдан жолдастық кездесу өтті

108

Түркістан қаласында футболдан ардагерлердің жолдастық кездесуі өтті. Ала доп аламанына Алматы қаласы мен Күнгей командалары келген. Ал оларға сәттілік тілеп аймақ басшысы арнайы ат басын бұрды.

Футболды әлемдегі бірінші нөмірлі спорт түрі деген Өмірзақ Шөкеев ардагерлердің кейінгі буынға үлгі болуын да жеткізді. Және аталмыш спортты жастар арасында кеңінен насихаттауды сұрады.

Жасыл алаңдағы жарыста Алматы қаласының командасы жеңіске жетті. Олар Түркістан қаласының ардагерлер командасын 3:1 есебімен жеңді. Айта кетейік, Күнгей командасын облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев бастап шыққан болатын.

Назерке Үкібасова