Өрт дер кезінде сөндірілді

64

Бүгін таңғы сағ. 04:42-де Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Шаймерденов көшесі №13, қараусыз қалған екі қабатты ғимараттың шатырынан өрт шықты.

Шатырдағы қоқыс жанған. Өрттің көлемі 95 ш.м. құрады. Оқиға орын алған жерге ТЖД-ның 29 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Өрт сағат 05:32-де ауыздықталып, сағат 05:56-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда.