Өткен тәулікте 4537 адам вакцина салдырды

47

 

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 4537 адам вакцина салдырды. I компонент – 2437 адам салдырса, ,II компонент – 2100 адам салдырды.

Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 178 215 адам вакциналанды. Оның ішінде 89 401 адам вакцинаның екі компонентін алды.

3 маусым күні КВИ-дің 46 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 29, белгілері жоқ – 17). 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 31 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 376 орын бар.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 225 нысан тексерілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қалада екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. 40 – тан астам вакциналау бекеттері жұмыс істейді. Тұрғындарды тезірек екпе салдыруға шақырамыз.