Елде еттің өндірісі азайып, бағасы 6,4 пайызға өсті. Әсіресе, қойдың еті 14 пайызға қымбаттады.
Energyprom-ның мәліметінше, биыл небары 22 мың тонна ет өндірілген. Құс етінің өндірісі 1,3 пайызға қысқарып, шамалы қымбаттады.
Статистика бюросының дерегіне сүйенсек, қазір нарықта қой еті орташа есеппен 2150 теңгеден саудаланады. Сиыр еті – 2100, ал жылқы етінің құны 2300 теңгеден асады.
Бағаның шарықтағанына қарамастан, былтыр жылқы етін сатып алатындар 21,2 пайызға көбейген. Жан басына шаққанда орта есеппен 6 келіге дейін алған.
Шынар Оразова