Түркістан облысында емтихан тапсырған оқушы өз өзіне қол салып, бақилық болды

255

Түркістан облысында емтихан тапсырып шыққан оқушы өз-өзіне қол салып, бақилық болды. 9-сыныпты тәмамдаған жасөспірім қыз тек 5-ке оқитын озат оқушы болған. Алайда, үздік аттестат үміткері білім сынағынан соң өмірмен қош айтысты.

Марқұмның ата-анасы болса, бұған мектеп директорын кінәлап отыр. Сөздерінше, қаршадай қыздың өзін өлімге қиюына мектеп басшысының қысымы себеп болған.

ШУМ: 34.32-Арам ойым жоқ. Қораға кірсем сол жақта асулы тұр екен. Өзім шешіп алдым. Алғашқы көмекті көрсетіп, көрсетуге тырыстым. Дем бердім. Искуственный дыхание жасадым. Бірақ болмады…

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тұрғыны Айман Дәулет осыдан бір апта бұрын ғана бауыр еті баласын жер қойнына тапсырды. Сөзінше, Эльвира Мықтыбек оның перзенті ғана емес, сыныбындағы оқушысы да болған. Үлгерімі озат қыз 9-сыныпты тәмамдап, емтиханға да тыңғылықты дайындалған. Алайда, соңғы сынақтан кейін, өз-өзіне қол салып жан тапсырды дейді марқұмның анасы һәм сынып жетекшісі.

Айман Дәулет, марқұмның анасы: «Қыздар, не болды, емтиханда не болып еді айтып беріңдерші дедім. Қыздар айтты:» Апай деді, Эльвираға қадалып қалды. Парағын алып қойды. «Сен 3-ке оқитын оқушысың ғой, сенің балыңды 10 балға кемітем» деп айтты» деді. «–Кім айтты деді? –директор айтыпты. Бастан-аяқ директор жанында болып, бір жарым екі метр жерде отырыпты қадалыпты. Жаздырмапты. Черновигін ап қойған. Сөйтіп қызымның өжеттеу мінезі бар ғой, қырсығып қалған шығар жазбаған шығар, сол бойы шығып кеткен болса керек. Бірақ сол қызымның намысына тиіп, қысым көрсеткені ол айдан анық».

Айдың күннің аманында баласынан айырылған ата-ана қыздарын ешқашан да 5 алуға мәжбүрлемегенін айтады. Ал, марқұмның соңғы хабарламасы анасына сол күйі жетпей қалған екен. «Анашым сіздің үмітіңізді ақтамадым» деген соңғы сөзі жазылған жазбаны қара жамылып отырған ана қайғылы жағдайдан кейін бір-ақ оқыған. Енді олар суицидке жеткізген жан жазасыз қалмаса деп отыр.

Ақылбек Тәліпбав, марқұмның әкесі: «Менің талап ететінім қыз баласын осындай жағдайға жеткізгеніне… әділдікті шешуін сұранамын. Мектеп басшысы, директорды ақ қарасын шешіп тиісті жазасын алуды сұранамын. Екінші тілерім қазағымның басына мұндай жағдай келмесе екен деп тілеймін».

Ал, мектеп директоры болса, марқұмның озат оқушы екенін тіпті білмейтінмін деп отыр. Ешкімге қысым көрсетпедім деген басшы артық әңгіме айтылмағанын алға тартады.

Айсара Стаева, мектеп директоры:» Мен өзім төраға ретінде маған орын берді, мен сол орында отырдым. Ешқандай баланың төбесінде қарап, барып қасына ештеңе істеген жоқпын. Қысым жасаған жоқпын. «Сен үшке оқисың. Сен осындай мамаңа сеніп жүрсің деген ондай ешқандай артық әңгіме емтиханда болған жоқ».

Қазір қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстары басталды. Құзырлы органмен қатар тергеп тексеруді Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы да зерделеуде.