14 қаңтарға қараған түні Шымкенттегі Шымсити ықшам ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде 16-қабаттан ер адамның құлағаны туралы ақпарат шықты. Оқиға орнынан тараған видеоға қарағанда, ол тіл тартпай қайтыс болған. Қайғылы оқиғаны қалалық полиция департаменті растады.
«Полицияға көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша суицид фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды»
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ
Тұрғынның құлау себебі әзірге белгісіз. Полиция істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін бастаған.
Дилара Иса






