30 наурыз күні Екібастұз қалалық полициясына әйел адам хабарласып, ұлын іздеуге көмек сұраған. Оның айтуынша, екі күн бұрын ұлы автокөлігімен белгісіз бағытта кетіп, содан бері байланысқа шықпаған. Аталған дерек бойынша бірден іздестіру шаралары ұйымдастырылып, барлық полиция гарнизоны жұмылдырылды. Жедел-іздестіру жұмыстарына еріктілер, туыстары және қала тұрғындары да белсенді түрде атсалысты.
Іздестіру барысында тәртіп сақшылары қаланы толық тексеріп, ер адамның автокөлігін қала аулаларының бірінен анықтады. Кейіннен жалға алынған пәтерден оның өзі де табылды.
Тексеру нәтижесінде ер адамның көп мөлшерде дәрі-дәрмек қабылдау арқылы өзіне қол жұмсамақ болғаны белгілі болды.
Полицейлер уақыт оздырмай жедел жәрдем шақырып, оны дәрігерлердің қарауына тапсырды.







