Шымкентте аптап ыстық басыла түскенімен, бірақ термометр бағаны 35 градустан түскен жоқ. Build Stroy компаниясының қызметкерлері тәулік бойы жасыл алаңдардың, ағаштардың, көгалдардың және гүлдердің қурап кетпеуін қадағалауда.
Күніне бірнеше рет жүзден астам жасақ тынымсыз жұмыс жасайды. Суармалы жүйенің қалай жұмыс істейтінін келесі сюжеттен көрейік.
Бұл Шымкенттегі аудандарының бірі, бригадалардың бірі жасыл алқаптарды суғаруда. Мұнда шырша, қарағаш және басқа да ағаштар өседі, олар күніне бірнеше рет суғарылады.
Ал бұл қаланың басқа бір бөлігі, мұнда жолдағы ағаштар күніне бірнеше рет суғарылады. Ылғал тек түп тамырларына ғана емес, сонымен қатар ағаштардың өзіне де бағытталады, өйткені қатты ыстықта бәрін салқындату керек дейді жұмысшылар.
BUILD STROY компаниясында бүкіл қалаға қызмет ететін екі жүзден астам заманауи техника бар, барлық автомобильдер GPS навигациялық жүйемен жабдықталған және мегаполистің ең шалғай жерлеріне де қызмет көрсетіледі.
Осындай еңбектің арқасында қаладағы жасыл желектер осылай құлпыра түседі. Компания қызметкерлері елдегі жасыл қала мәртебесіне кір келмеуді қамтамасыз етуге уәде беріп отыр.