Ел бойынша соңғы тәулікте 6119 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 488-і Шымкентте, 101-і Түркістан облысында тіркелген.

Сала жауаптыларының айтуынша 1218 адамның жағдайы ауыр, ал 274 пациенттің халі өте ауыр. 166 науқас өкпені жасанды тыныс беру аппаратына қосылған. Сондай-ақ, статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 5 054 970 адамға жетті. Оның 349 469-ы шымкенттік тұрғын.

Екпенің екінші компонентін мегаполистің 228 743 тұрғыны қабылдаған. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 523 292, II компонентін 329 903 адам салдырған.

Мөлдір Ибадуллаева