Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен «Тұран» шағынауданын дамыту бойынша көшпелі жиын өтті. Жиында шағынауданды көгалдандыру, тұрғын үйді пайдалануға беру және жол құрылысы мәселері талқыланды.
Сөз алған қала басшысы ең алдымен азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау қажет екенін айтты. Ол үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету ісін жүйелендіруді қолға алуды атап өтті.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Шілденің аяғында қала тұрғындарына үйді тапсырып, бәрі осы жерде өтіп жүреді. Сол себептен қазіргі сәтте алдымызда 20 күннен аса бар, 20 күн ішінде біз үйлердің тапсыруымыз керек. Оның ішінде қазір тиісті коммуналды қызмет бәрін қабылдап алу керек, бәрін жүргізу керек, бәрін тексеру керек. Ең бастысы, инженерлік құрылымның бәрін аяқтап, абаттандыру жұмыстарын да аяқтау керек».
Жиынды қорытындылаған қала әкімі Мұрат Әйтенов салалық басқармаларға құрылыс жұмыстарының кестеге сай өз уақытында сапалы атқарылуын қадағалауды тапсырды. Әрбір мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарының барысында қауіпсіздік шараларына мұқият болу керек екенін ескертті.
Әлихан Файзханов