Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 7 238 адам вакцина қабылдаған. Екпенің I компонентін – 2 308, II компонент – 4 930 адам салдырған.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, егу науқаны басталғалы мегаполисте барлығы 349 920 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 229 273 адам вакцинаның екі компонентін қабылдаған. Сонымен қатар, 23 шілде күнге КВИ-дің 488 жағдайы тіркелген. Науқастардың 402 белгілері бар болса, 86 адамда белгілері болмаған. 210 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 278 адам үй бақылауына алынды.

Мамандар қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін ескертіп, тұрғындарға қоғамдық орында бетперде режимін сақтау ескертілді. Сондай-ақ, ертерек екпе алуға шақырды.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі