Шымкентте «Қазмедприбор» кәсіпорны өндіріс көлемін ұлғайтып отыр. Компания бүгінгі таңда 5 сала бойынша медициналық құрылғы шығаруда.
Кәсвіпорын өткен жылы індет ушығып тұрған сәтте алғаш боп 130 өкпені жасанды желдету аппаратын шығарып, оны қаладағы 9 ауруханаға жіберіпті. Онда дәл қазіргі таңда медициналық жабдық пен акссесуарлардың 300-ден астам түрін шығаруда.
Шымкентте медициналық жабдық дайындайтын кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып отыр. Бұл қаладағы эпидахуалдың өршуіне байланысты науқастарға қажет кейбір құрылғылардың тапшылығынан туындап отыр. Кәсіпорын 1 күнде 1000-нан астам медициналық құрал-жабдық жасауға қауқарлы. Қазіргі таңда 5 сала бойынша өнім шығаратынын алға тартты компания басшысы.
Қаныбек Қанатбекұлы, «Қазмедприбор» ЖШС директоры: «Қазақстанда ең үлкен отандық өндірушіміз 5 салада жұмыс істейтін. Электрондық құрал-жабдықтар, оның ішінде монитор аппараттар, желдеткіш аппаратттар шығарылады. Мебель продукциясында бізде реанимациялық, кардиореанимациялық шығарылады. Үшінші сала жедел-жәрдем автокөілігін шығару, төртінші киім-кешек, киім-кешек шығарамыз. Бесінші дезинфекция, антисептиктер шығарамыз».
Кез келген құрылғы шығарылмастан бұрын ең алдымен 4 кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде арнайы техникамен платасы жасалып, содан соң құрастырылуға жіберіледі екен. Үшінші кезеңде тестілеуден өтіп, соңында 72 сағат сынақтан өтетін болды.
Берік Шораев, сервис-инженер: «Бірінші платаны дайындау үшін бұған сұйық жағылады. Үшінші процесс те күрделі».
Компанияда ең көп сұраныс өкпені жасанды желдету аппаратына түседі екен. Кәсіпорын өткен жылы індет ушыққанда қаланың 9 ауруханасына 130 аппаратын жеткізіп берген. Бұл құрылғылар адамға ауаның тиісті көлемде жеткізіліп тұрғанын қадағалайды.
Медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Бұл аппараттың құны 12 миллион теңге. Қазіргі таңда еліміздің өзге де өңірлерімен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 50 дана желдеткіш аппаратына тапсырыс түсіп отыр дейді компания басшылығы.
Қаныбек Қанатұлы, «Казмедприбор» ЖШС директоры: «Біз қазір сол Павлодар облысына 32 аппарат жіберейін деп жатырмыз. Одан басқа Ақмола облысы, Батыс, Шығыс облысына. 170-тей аппарат шығарылады осы жылы.»
Кәсіпорында 150-ге жуық қызметкерлер жұмыс істейді. Қазіргі таңда өндірістің жергілікті қамтуы 37 пайызды құрап отыр. Кәсіпорынның жалпы шикізат көзі АҚШ және Жапониядан жеткізіледі екен.
Әлихан Файзханов