Шымкентте жыл басынан бері Кви-ден 248 адам қайтыс болған

100

Шымкентте жыл басынан бері қауіпті індеттен 248 адам қайтыс болған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов осылай деп мәлімдеді.

Сөзінше, коронавирустан өлген адамдардың бір де біреуі вакцинаның ешбір компонентін салдырмаған. Десе де Шымкент қаласы республика бойынша екпе ектіруден алдыңғы қатарда екен.

Шаһардың бас дәрігері вакцинаны қажет ететін адамдардың 64,8 пайыздан астамы кемінде 1-ші компонентін салдырғанын айтады. Алайда, бұл пандемиядан толық қорғамайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, Бақытжан Позилов эпидахуалдың нашарлауына байланысты амбулаториялық көмек көрсететін мобильді топтарды шақырту санының артқанын айтты. Сөзінше, бригадалардың баратын шақырту саны күніне мыңнан асып жығылады. Қазіргі уақытта қалада 205 мобильді топ жұмыс істейді.

 Олжас Айдарбек