Түркістанда жас жігіт полицейдің шенін жұлып алып, өз көлігін өртеп жіберді

157

 Түркістан қаласында жас жүргізуші полицейлерге қарсылық көрсетіп, соңында көлігін өртеп жіберді. Мемлекеттік нөмірсіз жүрген «ВАЗ 2106», яғни Жигули маркалы көліктің жүргізушісін тәртіп сақшылары тоқтатқан.

Погонды темір тұлпар тізгіндеген азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабымен хаттама толтырады. Ал жүргізуші көлігін айыптұраққа апарудан бас тартқан. Полицейлер эвакуатор шақыруға мәжбүр болады.

Жас жігіт болса, көлікті алып кету кезінде қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшысына негізсіз айыптаулар таққан. Кейін көліктің ішіне өрт қояды. Онымен қоймай, полиция қызметкеріне күш қолданып, иығындағы шендерін жұлып жіберген.

Болған оқиғаның барлығы полицейдің бейнежетонына жазылған. Жүргізуші полиция басқармасына жеткізілді. Белгілі болғандай, ол жұмыссыз жас жігіт болып шықты.

Қазіргі таңда оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» және «Билік өкілін қорлау» баптары бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Іс бойынша жәбірленуші полицейге қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.