Ауласында есірткі еккен тұрғын ұсталды

48

 

Төлеби АПБ-ға хабарлама келді. Ол жергілікті тұрғындардың өз үйіне есірткі затын егіп, өсіріп, заңсыз есірткі өсірумен айналысып жүргендігін көрсетеді. Түскен хабар бойынша жеделдетіп іске кіріскен полиция қызметкерлері, ауласына есірткі затына ұқсас өсімдікті өсірген жергілікті тұрғынды ұстады.

Полицейлердің анықтағанындай, күдіктінің ауласынан 3 дана «сора» есірткі затына ұқсас өсімдікті тамырымен бірге топырақтан шығарып, заттай дәлел ретінде алды.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты сот сараптамасы тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бүгінде күдікті азамат қолхатта

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, заңсыз есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан заңсыз әрекеттерге бармаңыздар!

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі