COVID-19: Шымкент +565

100

Шымкентте 13 тамызда КВИ-дің 565 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 479, белгілері жоқ – 86). 249 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 316 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 930 орын бар, төсек орын толымдығы 65%-ды құрайды, 1359 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2571 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 589 төсек орын бар, 389 науқас ем қабылдауда.

Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 399 017, тәулігіне – 4481.
Бір тәулік ішінде қалада 5730 адам вакцина алды
(I компонент-2442, II компонент-3288). Егу науқаны басталғалы барлығы 397 047 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 322 644 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Пандемияны жеңудің жалғыз жолы – екпе алу!

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі