Мүгедектік топқа шығарып беремін деп ақшасын алдап алған азаматша анықталды

51

2021 жылдың 13-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша ұлын мүгедектік топқа шығарып беретінін айтып, сеніміне кіріп, 220.000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденгенін жазып көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ №29 УПП қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі