Қазақстанда соңғы тәулікте 7 217 адамнан кви анықталды

47

Елімізде өткен тәулікте 7 217 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 560-ы Шымкентте, 103 -і Түркістан облысында тіркелген.

16 тамыздағы жағдай бойынша елде 119 547 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 31 910 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 87 637-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 1 937 адамның жағдайы ауыр, ал 507 пациенттің халі өте ауыр. 228 науқас өкпені жасанды тыныс беру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 6 092 882 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 4 717 883 адам салдырды. Ал Шымкентте 399 053 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 325 539 тұрғыны алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 671 966 , II компонентін 494 138 адам салдырған. 16 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталсақ, тек Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта, ал қалған өңірлердің барлығы «қызыл» белдеуде тұр.