Úı ANONS Шымкентте ер адам есірткіні түрмеге өткізбек болған

Шымкентте ер адам есірткіні түрмеге өткізбек болған

Шымкентте 23 жастағы тұрғын қатаң режимдегі түрмеге тыйым салынған затты өткізбек болғанда ұсталды. Ол есірткіге ұқсас затты ИЧ167/2 түзеу мекемесінің негізгі қоршауынан ішкі аймаққа лақтыруға әрекет жасаған.

Сол сәтте оны колония қызметкерлері байқап, тез арада күдіктіні қолға түсірді. Күдіктінің шалбарының қалтасынан 1 дана шаппа пышақ және өткір иісті, кептірілген жасыл түсті ұнтақталған есірткіге ұқсас зат анықталған.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2 бөлігімен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Әлихан Файзханов