Тегін үй қайда бар?

91

2021 жылдың 18-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азамат тұрғын үй басқармасы арқылы, мемлекет тарапынан берілетін тегін пәтер алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 800.000 теңге ақшасын алып, осы күнге дейін берген уәдесін орындамай немесе ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.