Түркістан, Шымкент: Алдағы апта ыстық ауа райы сақталады

270

Назарларыңызға алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынамыз. Түркістан облысында ыстық ауа райы сақталады. Күнгей өңірде 14-ші және 20-шы тамыз аралығында сынап бағаны +35 +40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ал таулы аудандарда +24+32 жылы болады. Тек облыстың кей жерлерінде шаңды дауыл күтілуде дейді синоптиктер.

Динара Айтмырзаева, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі: «Түркістан облысы бойынша 14-20 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын айтатын болсақ, жауын-шашын күтілмейді. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан 9-14, кей жерлерде 15-20 метр секундқа дейін жетеді».

Шымкентте де алдағы апта жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде. Синоптиктердің болжамы бойынша шаһарда демалыс күндері сынап бағаны күндіз +28+30 градус, ал 17-18 тамыз күндері +32+34 градус болады деп болжануда. Ал алдағы жұмада ауа температурасы +40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ шаһарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метрді құрайды.

                                                                                       Мөлдір Ибадуллаева